10.07.2022
141
Дегендей жас қарағай, бұла қайың...
Дегендей жас қарағай, бұла қайың:
«Туғалы құмарыңнан шығарайын,
Арала, аяғыңмен тыныштық бас,
Содан соң шықсын шырқап бір айғайың.
Адамның дауысындай құдірет жоқ,
Əніңді айт, басқа ақы сұрамаймын,
Тыңдасын тасама кеп, таңсықпенен
Мөлдіреп қарап тұрған құралайым!»