10.07.2022
  120


Автор: Ғафу Қайырбеков

Басында Байынқолдың Шоған сайы...

Басында Байынқолдың Шоған сайы,
Бар ма екен сұлулықтың соған сайы.
Үш қатар кілем іліп тастағандай
Тянь-Шаньнің күміс шырша, қарағайы.
Көрсетпес шыңның өзін биіктігі
Аспанға білектерін созған сайын.
Ауаға тояр емес өкпе, шіркін,
Дегендей «осы арадан қозғалмайын».





Пікір жазу