10.07.2022
94
Жолаушым, асу алда, аз тынықшы...
«Жолаушым, асу алда, аз тынықшы,
Қос бұлақ, қоңыр салқын саздың иісі,
Құлақ сал құрақтардың дыбысына –
Бұларсыз танымайды жазды кісі.
Осылай алдарқатып, тыныстатып,
Тау Кеген – Нарынқолдың жақсы інісі
Лақтырды «Сары Жаздың» жазығына,
Балқыған ыстығына тастың үсті.