10.07.2022
  72


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кегеннің аманбысың, кең шатқалы!

Кегеннің аманбысың, кең шатқалы!
Не заман рахатыңды аңсатқалы,
Сары кемер – Ақар-шақар сарайларың
Алдымнан шыға келді самсап тағы.
Ол сарай – қақ бөлінген таулар еді –
Тағдырдың төбеде ойнап қол шоқпары,
Астынан жер мөңкіген бір заматта
Солқ етіп, түсіп кеткен сол шақтағы.
Осылай түсіндірген бүркітші шал
Сексеуіл бұтағындай саусақтары,
Қияға көп қараған көзі қызыл,
Мұртының ерімеген моншақтары





Пікір жазу