10.07.2022
111
Көп болды-ау қасиетті өлке шақырғалы...
Көп болды-ау қасиетті өлке шақырғалы,
Желпілдеп жел қанатты шатырлары,
Ол жақтан елшілікке келген бұлттар
Төбемнен əлденеше шатырлады,
Тұрмыстың ылдидағы ың-жыңынан
Бұлқынып босана алмай ақын жаны
Жөнелді күннің келер жолын басып,
Бұл жолы бұйырардай ақыры дəмі.