10.07.2022
  208


Автор: Ғафу Қайырбеков

Сағаттарым, қанаттары күндердің...

Сағаттарым, қанаттары күндердің,
Мұнша жылдам мінезіңді білген кім?
Кеше ғана еркелетіп мені сен,
Кеше ғана қолыма əкеп гүл бердің.
Сағаттарым – сырын бүккен уақыттың,
Айтарсың ба мағынасын бақыттың?
Бақыт деген қолдан ұшқан құс па еді,
Жайнап тұрған жоғалатын батып күн?!
Сағаттарым – жоқшылары өткеннің,
Қайрылмастан мəңгілікке кеткеннің,
Жалынамын, ең болмаса қайтып бер
Сонау тəтті бір сағатын көктемнің!





Пікір жазу