10.07.2022
111
Қанықсыңдар ежелден жырларыма..
Қанықсыңдар ежелден жырларыма,
Мен қана алмай келемін сырларыңа,
Бірақ, қазақтың мың қызын жинап алып,
Мен ризамын мəжіліс құрғаныма.
Көз жетпейді ақынның арманына,
Көз жеткенмен өмірдің жалғанына,
Бір күн, шіркін, сендерге ректор боп,
Өкінбен ертең түсіп қалғаныма.
Атымды ертте, жас ақын, сар тайыңмен
Өзің де, ер соңымнан, айхай, дүнием!
Тұра берсем бұл қыздар өртер мені
Өрттен аман тұрғанда қайтайын мен!