10.07.2022
127
![](/uploads/shorttexts/author_image/enkenkenek.png)
Даусы əдемі, жақсы қайсың...
Даусы əдемі, жақсы қайсың,
Шырқап, жазып алшы бой.
Бəрің əсем аққудайсың –
Аққу шіркін əнші ғой.
Жұпар иісің əнге ұласып,
Үн таратсын жан-жаққа.
Кең далаға кеудені ашып,
Əн салмаған қазақ па?
Шырқаңдаршы ана жайлы,
Туған бесік, үй жайлы,
Бүгін көзің қарамайды,
Ертең көзің қимайды.
Жалыны өзге, өрті тосын,
Тұрмас жүрек сыздамай,
Тыңдағандар дейтін болсын –
Қайран қазақ қыздар-ай!