10.07.2022
  100


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қалма, Бəдеш, сен өкпелеп..

Қалма, Бəдеш, сен өкпелеп,
Бұл бір кексіз əзіл ғой.
Əзілменен көкке еркелеп
Созыл көңіл, жазыл бой!
Сен де бір кез бұл шаңырақтың
Маңдай алды қызы едің.
Ағынымен ақ боз аттың
Алып қашқан біз едік.
Жүрем ылғи көзбен іздеп,
Соқсам мұнда сирек тым,
Қабырғада тұр ма əлі, – деп,
Сенің ғажап суретің?
Сағынтпай ма, білсең, жаным,
Іздетпей ме қыз-дəурен,
Дəл қасымда жүрсең-дағы –
Шаршамаймын іздеуден!





Пікір жазу