10.07.2022
  115


Автор: Ғафу Қайырбеков

ӨЗІҢ БІЛ

Сұлу қыз, жуықтама, келме жақын,
Мүмкін сенің қадіріңді білмес ақын.
Сүйемін өзімді өзім, құмартамын,
Өзімнен артылмайды махаббатым.
Сұлу қыз, жуықтама, жаным салқын,
Тоңарсың, сұрғылт тартып, жүзің жарқын.
Адамды алдау үшін өмір сүрмен,
Айтылған бір-ақ рет жүрек антым.
Сүйемін, рас, қызды жақсы көрем,
Бірақ ол – жалған сүю – нəпсіге ерген.
Сондықтан жуықтама, сөзіме бақ,
Бол жолдас менен гөрі жақсыменен.
Қызық-ау дерсің мүмкін ақын жаны,
Шыны ма, əзілі ме – айтылғаны.
Бəлкім, мұнда əзіл де, шын да болар –
Өзің біл, қабылдасаң қай тураны!





Пікір жазу