10.07.2022
  103


Автор: Ғафу Қайырбеков

Т – ҒА

Сүйді досым сені бұрын,
Күйді өртіңе алаңсыз.
Ұқтың ба сен, ұға алмадың,
Ол шегінді амалсыз.
Өміріңді қидың жатқа,
Өз еркіңді бердің сен,
Қызықтың ба əлде баққа,
Не десе де көндің сен.
Нендей лəззат бар бұл күнде,
Нендей рақат таптың сен?
Əлде ұқсап солғын гүлге,
Əлде қасірет тарттың сен?





Пікір жазу