10.07.2022
99
К – М – ГЕ
Ұмытқам жоқ əлі сені,
Уа, көршімнің қиғаш қасы,
Боп кетсең де, теріс қарап
Бөтен жұрттың дүниясы.
Көңіліңді берме маған,
Емес қой ол енді қымбат.
Қолымда тұр орамалың
Атым жазған сен оюлап.
Өртейін бе, не қылайын
Қайырсыз бұл шүберекті?
Жылдар жатып төс қалтамда
Алдарқатқан жас жүректі.
Əлде өзенге ағызайын,
Толқын оны бүктеп жыртсын.
Тозған мүлкі махаббаттың
Су түбінде бір тұншықсын.