10.07.2022
  110


Автор: Ғафу Қайырбеков

ӨЗІҢЕ

Қуана да, қамыға да білесің
Жандай жақын, жан құрдасым Бəдешім!
Көкірегімнен асыл орын алар ма,
Бір өзіңнің есіміңдей əр есім?!
Қай бағыма кездесіп ең сен менің.
Мінезің бал, жұтқан сайын шөлдедім.
Қай жағыңнан қарасам да, бұлжымас
Бір ғана асыл жүзің болды көргенім.
Мақтау жүрмес, арамызда сый жүрер,
Көлденең жұрт құй ойланар, құй күлер,
Өз бағасын ойланса да қанша рет
Тыңдай білген құлақ тапқан күй білер.
Осы сөзім көкейіңде орнықсын,
Көкірегіңді жарып достық жол шықсын!
Жазмыштан жалғыз ғана тілегім –
Басталған іс теріс бітпей, оң бітсін!





Пікір жазу