10.07.2022
101
АРМАНСЫЗ ҚЫЗ ЯКИ БАҚЫТТЫ ЖАН
Мəз болдым ба, қаз болдым ба,
Қанаттанып ұшайын.
Сүйген жарым, қайда қолың,
Қайда қолың қысайын.
Түсімде де, ішімнен де
Атыңды атап жүріп ем.
Сол дертіме, жан өртіме
Таптым ба ақыр бүгін ем?
Жүрек жанды, саған мəңгі
Тапсырайын өзімді.
Кескініңнен түсініп ем
«Сүйдім» деген сөзіңді.
О, жаратқан, бақыт тапқан
Сүйе қыз бен ұлыңды.
Жаңа күткен, көкжиектен
Батырмашы күнімді!