10.07.2022
  120


Автор: Ғафу Қайырбеков

«ГДЕ ЖЕ ТЫ, МОЙ САД ВЕЧНАЯ КРАСА?!»

Тиеді жұмсақ
Жаныма аса, –
«Где же ты, мой сад,
Вечная краса?!»
Салшы бір тағы,
Əлдиле жанды.
Осы əнің мəңгі
Көңілде қалды.
Естілсе сол əн
Самалдай ескен,
Тұрады əмəн
Көзіме жас кеп.
Алыпсың таңдап
Мен үшін жақсы.
Əдейі арнап
Тағы бір салшы!
Айтқанда соны,
Үнінде сырлы
Мұң бардай болды,
Сағындың кімді?
Салшы бір тағы,
Əлдиле жанды,
Осы əнің мəңгі
Есімде қалды.
Тиеді жұмсақ
Жаныма аса:
«Где же ты мой сад»,
Вечная краса?!»





Пікір жазу