МИРЗОНЫҢ БАСЫНДА
Дүшанбенің
Ортасында бір тау бар
Тəжіктердің
Тақиясы секілді.
Төбесінде
Əлсін-əлсін бұлт аунап,
Талай-талай
Найзағайлар секірді.
Соны бағып
Жүрген Мирзо тірлікте
Əлмисақтан,
Əрбір сақтан ойы бар.
– «Өмір шіркін,
Бітерінде – бір нүкте,
Өлсем, мені, –
Депті сонда қойыңдар!»
Бүкіл Тəжік
Өсиетін орындап,
Жалғыз тауын
Жақсы ұлына беріпті.
Жаяу көтеріп,
Қойыпты оны арулап...
Бүгін оған
Жетпіс венок өріпті.
Ақ мəрмəрдан
Алтын басқыш жасаған.
Асқар таудың
Жан-жағынан келуге.
Гүл алқабын
Егіп, қоршап тастаған,
Көктем сайын
Оған теріп беруге.
Нақ басында
Тұрсын-Заде зираты –
Алтын жазу,
Қара мəрмəр – сандық тас.
Төбесінде
Күмбезі бар күн қақты,
Ешқашанда
Су жоламас, шаң жұқпас.
Бүгін – мейрам.
Туғанына жетпіс жыл.
Көкжиекте
Көз сүрінген халықтан,
Құмырсқаның
Илеуіндей бейне бір –
Бата алардай
Əулиеден, алыптан.
Жетпіс венок –
Екі жағы басқыштың,
Көр, Тəжіктің
Салтанатын, дарынын!
Венок етіп,
Айқастырып тастаған.
Жетпіс бірдей
Жас қыздарын, аруын
О, ғажайып!
Тірі екені белгісіз,
Жалтылдаған тек
Көздері болмаса!
Есіңізден
Танғандайсыз енді сіз.
Анда-санда
Бұраң етіп қозғалса!
Бүкіл тəжік
Төбесіне көтерген,
Бүкіл ару аяғында бас ұрған, –
Халыққа еткен
Жақсылығың өтелген,
Қайран ақын,
Касисті асыл жан,
Дербес тиген
Əулие тау – сол мекен,
Сенің тіпті
Түк арманың жоқ екен!