РАХМАН ДОСТ
Түн – бір Мұхит,
Дүшанбе – маржан
Қалқиды сонда бір шығып, батып,
Аспанды жыртып
Сан самолеттер,
Қонады сонда, ұшады қайтып.
Ақ жауын бүркіп
Тұрған кез бұл шақ,
Сергітіп ысып келген денеңді,
Асфальттар сынық
Айнаға ұқсап,
Түсірген қисық көлеңкелерді.
Шошайып тұрған
бір шетте мені
Бейтаныс қала көркіне қарап,
Құшақтай алды
Əлдекім келіп,
Үйріліп шапшаң алды артымды орап.
– Рахман дос! –
деді ол, жарқырап сөйлеп,
– Сіз мені қайдан білесіз, жігіт?
– Даланың иісі
Белгілі ғой! – деп,
Қалдырды аң-таң, жымия күліп.
– Мен оны сізге
Кейін бір айтам,
Əзірге, кəне жүрейік, – деді ол.
Қара машина етті де қайқаң,
Жатты алдымда
Жайнаған бір жол.
Шала жетім ғой
Жолаушы жаны,
Қарсы алған кісі – болады ыстық.
Адамдармен сапардың сəні,
Жол түйістік,
Қол алыстық! –
Дедім оған, ол өзбекше
Өте жақсы сайрайды екен.
– Сафар дедіңіз бе?
Бұл да ерекше
Таң қалатын жағдай екен!
– Неге?
– Фамилиям – Сафаров ед!
Ғажап адамсыз, – деді ол күліп,
Талайды жолға апарып ек,
Талайды жолдан қарсы алып ек,
Не қызықты көре жүріп,
Бұл жағдайды ұшыратпадым.
– Сен де танымай құшақтадың,
Сен де тегін емессің, – дедім.
– Оныңыз рас, – деп бір шалқып,
Қойды орнынан көтеріліп.
Ойы алысқа барып қайтып,
Өткен күндер төңкеріліп,
Зымырады ма көз алдында
Машинаның доңғалағындай...
– Бақытты адамсыз! – деді ол тағы,
Кездесер ылғи жолға да мұндай.
Байқап келемісіз,
Ылғи да жасыл
Жарықтың сізге жануын мынау.
Адамдар болмақ
Қасиеті асыл,
Желбіреп тұрар жаны бір жалау!
Қарадым оған
Таңырқап мен де
Дегендей: «мықты – қасымнан шықты!»
Талайдан көрген
Туысым бейне,
Барады баурап
Іш пенен сыртты.
– Сəріде мені
Осы жерден тос! –
Деді ол мені жайғастырып.
Рақмет саған, Рахман дост!
Алғаш көріп, алғаш біліп,
Тəжікпен қойған жалғастырып!
1 Тəжіктер «Дос» деген сөзді «т» қосып айтады.