10.07.2022
93
ТҮНГІ ДҮШАНБЕ
Памирдің қабат-қабат тауларынан
Дүниенің күннен беті аударылған
Кезінде, яғни түн келгенде,
Жаңылып қыран құстар самғауынан,
Қараңғы сарайлардай шамы сөнген
Қаптаған қара шыңдар қары семген.
Қызыл от қанатында жылтылдаған
Біз мінген самолетке жарыса ерген,
Үн-түнсіз күзетшілер секілденіп,
«Былай өт, былай ұш!» – деп, белгі беріп,
Сырғытып шатқалдардың арасымен
Сырылды бəрі бірдей енді келіп.
Ашылды тау сандығы қақпағы алтын,
Амалы қалмағандай қаптаған түн,
Түбінен сол сандықтың мол жарқырап,
Маржандай көзге тосқан салтанатын.
Көрінді Дүшанбенің шаһар басы,
Тəжіктің биік тəжі – от ордасы,
Памирдің махаббаты, мақтанышы –
Бақыттың ол мекені, отандасы!