10.07.2022
  229


Автор: Ғафу Қайырбеков

Тарихы да, мəдениеті ілгері

Тарихы да, мəдениеті ілгері
Сүйсінтеді əзірбайжан күйлері.
О, ғажайып, мұнда ескі мешіттер –
Ақындардың жыр оқитын үйлері.
Уақыт жоқ, – деп, біз жүреміз сіресіп,
Келеді екен мұнда кешке кіл өстіп:
«Ой, дүние, күйбең тірлік, тұра тұр –
Кетейін деп арасында жыр естіп».
Біз келгенде тұрды жаңбыр сіркіреп,
Жапырақтарды баяу ғана түрткілеп.
Тұрды халық сол жапырақты жамылып,
Бізден мынау ақ жаңбырдай жыр тілеп.
О, дариға, мұндай кезде от керек,
Жүрексініп тұрған маған шеткерек
Деді бір қыз: «Оқыңызшы қазақша!» –
Кеттім сонда көк нөсердей төкпелеп,
Жайқалды жұрт шуылдасып ормандай,
Болатынын туған тілде нəр қандай
Алыс жерде біледі екенсің, қуандым
Ауызымның дəмі кіріп қалғандай.





Пікір жазу