10.07.2022
  88


Автор: Ғафу Қайырбеков

Түстік жақта Нахичеван –

Түстік жақта Нахичеван –
Ел алыс.
Оған барсаң – ақ бұлттардан жоғары ұш.
Ол бір жатқан – көне түрік бесігі,
Содан туған Əзірбайжан – жолбарыс.
Содан туған батырларың неше мың,
Көп бастаған көсемің мен шешенің,
Мықтап көрген осындай-ақ жер болар,
Аласапыран соғыстардың кеселін.
Үш жарым мың жыл жасаған қаласы –
Ұшан дария – Аракстың жағасы.
Ар жағында аспандаған Арарат –
Армения тауларының ағасы.
Мына бетте Иран жатыр көсіліп,
Өмірі бітпес мəселесі шешіліп.
Əлсін-əлсін іші толы найзағай –
Бір бұлт содан төнетіндей өшігіп.
Асау жұртты тарих қана жүгендер, –
Соғыс мертін жеңіс қана түгендер.
Аракстың түрікше аты «Араз» – дер,
Қанша ғасыр араз болған бұл елдер.
Бағы заман – деп аталған «Күн елі»,
Алтын өлке жердің асыл кілемі.
Ата мекен – Əзірбайжан жүрегін
Ата тюрктен алып берген Ленин.
Автономия аталуы – жай сылтау,
Бəрі өздері – аман тілі, салты сау.
Əкетеді нелер ғасыр түбіне
Осынау бір жайсаң өлке – жасыл тау





Пікір жазу