10.07.2022
  77


Автор: Ғафу Қайырбеков

Джабарлының музейі...

Джабарлының музейі...
Мұнда тарих – бəрі аңыз.
Саламыз да біз зейін,
Тебіреніп қараймыз.
Сəтте жүрек соқпаған,
Сарқылғанда санап түн,
Тілі-дағы тоқтаған
Жардағы үлкен сағаттың.
Бұл бөлмеде еш адам
Үн қатпайды тіс жарып.
Қарауылға ұқсаған
Күйде шығар тысқа жұрт.
Темір сауыт ішінде
Жанып-сөніп электр,
Əлсін-əлсін дүрсілдеп,
Жатқан бейне жүрек бір.
Етеді əсер. Шынында,
Мұңың сырын ұғып бақ.
– Жатыр, – деген ұғым бар,
Ақын əлі ұйқтап...
Керемет қой бұл дейтін,
Мағнасына бəрі сай!
Музей жасай білмейтін,
О, дүние, бізді айтсай!





Пікір жазу