10.07.2022
  82


Автор: Ғафу Қайырбеков

О, Низами, сенің нұрлы атыңнан

О, Низами, сенің нұрлы атыңнан
Əзірбайжан əрбір таңын атырған,
Күмбірлеген сенің даусыңды естимін
Ғасырлардың қабат-қабат хатынан.
Дүниеге туарында бұл халық
Данышпанын шыққан екен бірге алып.
Естен кетпей ерлігі мен елдігі
Мəңгі-бақи тұру үшін жырланып.
Махаббаттың ең ғажайып дастаны
Есіміңмен жерде өмірін бастады.
Сенің асқақ құдіретіңмен айтылған
Адамизат аппақ кезі, жас шағы.
Бақыт, дəулет, биік мансап, шен-шекпен,
Бəрін тастап, махаббатты енші еткен,
Екі жасты жырладың сен егіліп,
Енді қайтып өлмес күнге жол шеккен.
Ол – дақ түспес сұлулықтың əлемі,
Аппақ жары аңыз болып айтылған! –
Сол аппақты жырыменен арбаған
Күншығыста «кəрі жездем» бар еді.
Оның жасы – сегіз ғасыр қамтыған,
Сегіз ғасыр күмбез соққан даңқынан,
Одан кəрі жезде болу мүмкін бе
Аппақ жары аңыз болып айтылған! –
Дедім-дағы, алып-ұшып жүрегім,
Жан Бакуге аттың басын тіредім,
«Жақсы жезде – деген нақыл – ол да əкең»,
Ал асылды иығыңа білегім.
Рақмет саған!
Күн аспайды бұл күннен.
Құшақтадың қойның толы мың гүлмен.
Тамырымда туыстықтың қаны ойнап,
Саусағыңды төске басып тұрдым мен!





Пікір жазу