10.07.2022
92
– Жақсы дос, көп сөйлестік сені мен біз...
– Жақсы дос, көп сөйлестік сені мен біз.
Секілді отауынан жеріген қыз,
Кей-кейде ұзақ тұрдым бетім ашық,
Сондықтан бар кіндігім еріген мұз.
Мен енді жамыламын көк шымылдық,
Сырымды айта бермей көп шығын қып.
Күндізгі биік көктің баласы едім,
Онсыз да ойда жоқта кешке ұрындық.
Қош енді, тіршіліктің ерке құсы,
Сенімен жолықпаспын ертеңгісін, –
Деді де, қарт Кавказдың Эльбрусы
Осылай тамамдады ертегісін.
Сөгілген көктің күмбез көбесінен
Жол алып, қиялымның кемесімен
Жөнелдім жусан иіс кең далама
Дүние мені əкеліп, мені өсірген.