10.07.2022
103
Есентукиді ашыпты
Есентукиді ашыпты
Ат суарған солдаттар.
Етегінде Машуктің
Казармасы қаз-қатар.
Одан бергі алқапта
«Құмшық» деген өзеннен
Суын ішіп, ат оттап
Көгорай шалғын кезеңнен.
Жүреді екен жайылып
Сонау көне дəуірде,
Кісінессе, жаңғырып
Тұратұғын тау бірге.
Бірте-бірте жылқылар
Əлгі өзеннен безініп,
Сусындайтын бопты олар
Бір шалшыққа кезігіп.
Таңырқаған солдаттар
Қараса кеп қасына,
Буырқанған бұлақ бар
Батпақ судың басында.
Дəмі кермек, тым бірақ,
Ішкен сайын құнығар.
Кілең жылқы шұрқырап –
Мұның қандай сыры бар?
Бір жолаушы дəрігерге,
Айтқан екен бұл кепті,
Дəрігер барып сол жерге
«Бұл шипалы су!» – депті.
Талай ғалым кейін кеп,
Судың сыры ашылған.
Емделуге бейімдеп,
Үй салдырған басынан...
Мəңгі игілік еткен іс,
Ақылды, есті жануар
Жылқыға бір ескерткіш
Қойылатын жөні бар.