10.07.2022
  104


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кавказ курорттарының

Кавказ курорттарының
Эмблемасы – қыран құс.
Солардың қанаттарының
Астында жатыр мың алғыс.
Сауыққандардың алғысы – ол.
Нешеме түкпір, неше елден
Сүйретіліп келіп, арылды сор,
Денеге шөккен кеселден.
Кисловодск паркінде
Көрдім бір қызыл қыранды,
Шеңгелдеп, болат тырнақ бүрген
Сары ала бас жыланды.
Солардың шипа қуаты – ол
Бүркіттей бүрген дертіңді,
Əлсіреп жатқан жылан – ол
Арылған ауру секілді.
Кім тапса да, дəл тапқан –
Адамның арман, мұратын,
Көңілді құстай самғатқан
Кавказдың ғажап қуатын...





Пікір жазу