10.07.2022
  86


Автор: Ғафу Қайырбеков

Келді ол көп жылдан соң екінші рет...

Келді ол көп жылдан соң екінші рет,
Лаулаған кеуде де ыза, өкініші өрт.
Айрылып ұлы ақыннан – ағасынан,
Азалы, долы жаны жетімсіреп.
Алыстап тұрған кезі одан құдай,
Қасында жүргенсіген қолдап ұдай.
Асықты, сезінді ол, секем алып,
Сыймасын дүниеге содан былай.
«Қош, Ресей, жуылып, тазармаған»,
Саған қорлық, бұйырған ажал маған»,
Сені бақытты етем, – деп, басын жұтып,
Сабаздардың бірі жоқ жаза алмаған.
Қаным ұйып барады, жаным күйіп,
Қауға түскен жалындай жалым күйіп.
Мен ездерге еңіреп, еңкеймеспін,
Мен қайтейін, жаратса тағдыр биік.
Жалғыз қазық көрінер далаң жазық,
Қалмас көзін көргіштер менен жазып,
Жоғалайын Кавказдың тасасына –
Болған, шіркін, жасымнан жаныма азық!
Деді ол, тауысты да аз шыдамын,
Татуға айдалудың ащы дəмін,
Жөнелді, тəңірінің қуған жаны
Жаңғыртып жендетінің тас құлағын...





Пікір жазу