10.07.2022
184
АЛМАТЫ ТАҢЫ
Мен емеспін артық бақыт сұраған,
Тірлігімді тілек тілеп құрағам.
Айнымайтын ақ сүтіндей анамның,
Амандықпен атқан таңға қуанам.
Жан астанам аспанда ма, жерде ме,
Сыйғыза алмай ақылыма, зердеме,
Мен келемін, осынау бір зор сұрақ
Өзім түгіл, беймағлұм пендеге.
Мен де тақпын, мезгіл толы жемісім,
Менің де бар асқан жерім, кемісім.
Күнде маған аппақ таңын сыйлайтын
Сенен жақын болмас ешкім мен үшін!