САПАР, САПАР
(С. Байжановқа)
Адал сөз ақ жарылып ал, жосылсын...
Жан Сапар, һəм туысым, һəм досымсың.
Дедік пе дəл отыз жыл бұдан бұрын
«Елуде тойда жайған дəм қосылсын!»
Көрдік біз бардан бұрын зар-наланы,
Естелік өткенді айтсаң жанданады.
Білмейді «Социалистік Қазақстан»
Ол кезде шауып жүрген сар баланы.
Тағдырдың саған түскен ілтипатын
Мадақтап, кісі болдың ер тұтатын.
Білмейді ол күндерде республика
Отыз жыл кейін болар депутатын.
Осының бəрі күші замананың
Жолыңның өзің өткен сана бəрін,
Сезесің сонда ғана дəуір өсірген
Қазақтың қара табан балаларын.
Біздің топ, біздің қатар келсе елуге,
Қалады көтеріліп еңсем мүлде.
Ел жүгін нар жүгіндей көтеріскен,
Бөленген сол арқылы зор сенімге.
Ардақты менің тұстас, құрбыларым,
Мақтаныш, сендерсіңдер жыр қыларым.
Сендерді сол бақытты күндеріңде,
Қалады көрсем тарқап бір құмарым.
Бұл сырым – айтқан емес сөз сүйгесін,
Өмірдің жегіп жүрміз жүз күймесін.
Тілегім – бейбіт тірлік рақаты,
Тілегім – сол қызыққа көз тимесін!
Ерекше сен бір қымбат жансың маған,
Бұлақтай көңілің бар таусылмаған.
Тілегім – өмір сапар ұзақ болып,
Жасай бер, қисаймастан асыл жағаң!