10.07.2022
  88


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қош Мадьяр еркін елі...

Қош Мадьяр еркін елі,
Жайлауыңда жоқ куə!
Жомарт сенің ер жүрегің,
Болдық соған көп куə.
Бақтарыңның хош иісі,
Музейлердің байлығы.
Самсап тұрған ескерткіші,
Сарайлардың сыйлығы.
Не мəдени ғимараттар,
Көздің нұрын тауысқан.
Ғасырлардан ғасыр аттап,
Осы күнге ауысқан.
Осы күнгі одан да артық,
Салған бақыт сарайын.
Келгеннен соң ұлы Азаттық,
Төгіп таңның арайын.
Жаңа венгр жолы аппақ,
Ата даңқын жалғанды.
Бізбен бірге қатар аттап,
Болашаққа самғайды.





Пікір жазу