10.07.2022
  71


Автор: Ғафу Қайырбеков

Үңгіп салған шыңның астын...

Үңгіп салған шыңның астын,
Керемет бір кең мекен.
Мадьярлар ұлттың асын,
Алға тартар жері екен.
Əлсін-əлсін дəм салысып,
Жас жігіттер жайнаған.
Аққу қыздар қарсы алысып,
Гүлге толған айналаң.
Жанарлары жалт-жұлт етіп,
Толқын теңіз – кеуде бір.
Алтын шашпау, күміс етік,
Қолыңа алсаң жеп-жеңіл.
Қайтсын көңіл ала қашпай,
Мынау жұпар тасқынға.
Отырды қыз бала-құстай,
Қолтығымның астында.
Түстік солай суретке біз,
Сезім ойнап, секірді.
Бір кеудемде жүрек егіз,
Соғып тұрған секілді.
Отанымның атынан мен,
Сөз сөйледім сол кеште.
Қолға түспей шарқ ұрғанмен,
Сонау сұлу қалды есте.
Бəлкім, венгр жүрегі ме,
Қосқан маған дүрсілін,
Сиқыр дүние дүрмегіне,
Түсіне алмай, күрсіндім.
Қоштасудың дəмі екен сол –
Бал тапқандай боп қалдық.
Дос көңілін дəметкен соң,
Құшақтастық, аттандық.





Пікір жазу