10.07.2022
  73


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кеңестің үш жүз адамы...

Кеңестің үш жүз адамы,
Мекені ортақ – бір кеме.
Дунаймен жүйткіп ағады,
Күндіз де, міне түнде де.
Туыстай бүгін маған дəл,
Волгадан яки Алтайдан.
Тоғысқан мынау адамдар,
Жолықпай жолы шалқайған.
«Кемедегінің жаны бір...»
Қазағың қалай дəл айтқан!
Бір-бірінің қадірін,
Сəлемімен молайтқан.
Болып алдық жан бауыр –
Ылғи жұмсақ тілге бай.
Қасиетің бар-ау сондай бір,
Тірліктің ортақ күндері-ай!





Пікір жазу