10.07.2022
1402
Дуалау: түсінде сиқырлап жатқанын көру—наданның кесірі тиетінін және екі жүзді адамға жорылады. Түсте дуа көру—сәтсіз сапарға жорылады. Өзінің дуашы екенін және басқа адамдарды дуалап жатқанын көрсе— адамдарға кесірі тиетініне жорылады. Сиқыр—дінімізде жағымсыз қылық болғандықтан, жақсылыққа жорылмайды. Ибн-Кесир былай деді: «Сиқыр көру— жақсы емес. Түсінде дуалату үшін біреуге беру— істерінің кері кететінін білдіреді».