10.07.2022
108
Дуал: кімде-кім дуалдың үстінде жүргенін немесе дуалға мініп алғанын көрсе—ол дуал оның жағдайын білдіреді. Дуал әлсіз болса—халінің нашар екендігінің белгісі. Дуалдың айналасындағы әшекейлер—ол адамның ұрпағын білдіреді. Үстіне дуал немесе басқа бір нәрсе түскенін көрген адам—көп күнә іс істейді. Бір дуалға жабысып тұрғанын көру—беделінен айрылатынын білдіреді. Дуалға қарап одан өзінің түрін көрген адам—өліп, есімі қабірінің басына жазылады. Қолына алтын білезік тағып, дуалдың үстінде отырғанын көрсе—жоғары мәртебеге шығады. Кірпіштен үй салғанын көрген адам—игі іс істейді.