09.07.2022
  186


Автор: Түс жору

Диірмен: түсінде диірмен көру—отбасы мүшелерінің қиыншылық пен таршылықтан құтылатынын және кедейліктен байлыққа жетуді немесе бойдақ үшін үйленуді білдіреді. Диірмені жоқ үйден диірмен көру—ауыртпашылықты білдіреді. Егер диірменде нан, ет және бал үйіліп жатқанын көрсе—отбасы мүшелерінің қуанышын білдіреді. Диірменде бидай немесе арпа сияқты пайдалы нәрсе үйіліп жатқанын көру—істің оңайлайтынын, рызықтың молдығын және шипа табуды білдіреді. Түсінде диірменнің айналып жатқанын көрген адамға—диірмендегі ұнның мөлшеріндей мал-мүлік қолына түседі. Диірменнің әрең айналып жатқанын көру—қымбатшылықты білдіреді. Кімде-кім диірменді қолымен айналдырғанын көрсе—тұрмысына жәрдем тиеді. Диірмен тасының бидайсыз бос айналғанын көру— жолаушы болуды, тастың немесе басқа өнімдердің үгітіліп жатқанын көру—дүниелік өмірінің әйтеуір өтіп жатқанын білдіреді. Су диірменді қолымен айналдырғанын көру—ешкімнің жәрдемінсіз қалып, өз ісін өзі шешетінін білдіреді. Диірменнің су немесе жануар, яки басқа бір нәрсенің күшімен айналып жатқанын көру—қайыр мен берекеттің келуін, рызықтың молшылығын, оңайшылықты білдіреді. Қол диірменмен ұн шығарып жатқанын көру—үлкен қайырға жетіп, өз қолымен тапқан табысын кедейлерге таратады. Диірмен тасының ұрланғанын немесе сынып бөлшектенгенін көру—түс көрушінің немесе диірмен иесінің мол дүниелік болатынын білдіреді. Жел диірмені соғыс және өлім деп жорылады. Жел диірменнің желкендері боялған әрі әдемі болса—тұрмысының ойдағыдай жүретінін, мақсатының орындалатынын білдіреді. Қанаты жоқ жел диірменін көру—үйленудің белгісі. Диірменнің бидайдың орнына адамдарды үгіткенін көру—бүлік пен ұрыс-керіс. Біраз адамның өлімін, желінбейтін нәрсені үгіткенін көру—рызықтың молдығын, арзандығын, науқастың шипасын табатынын білдіреді.





Пікір жазу