09.07.2022
  397


Автор: Түс жору

Дәрі-дәрмек: түсінде дәрі көру—діндегі беріктікті білдіреді. Сондықтан науқас адамның дәрі ішкенін көрген адам—дініне берік болады. Кімде-кім түсінде дәрі ішсе—білім үйренетінін білдіреді. Түсінде дәрі ішпесе—нәпсінің қалауында жүргенін білдіреді. Хош иісті нәрселерден істелген дәрі көру—бойдақтың үйленетінін, әйелдің балалы болатынын, кедей болса, бай болатынын білдіреді. Түсінде көзіне дәрі тамызғанын көру—үйдегі жасырын істердің бар екенін; мұрнына дәрі тамызғанын көру—кейбір сырлардың шешілетінін, құлағына дәрі тамызғанын көру—өзінің өсек-аяңға ілігетінін білдіреді. Түсінде ауруына байланысты дәрі ішу—діндегі ықыласын білдіреді. Түсінде ауырып жүргенін және дәрігердің берген дәрісін ішу— өмірдің қысқалығын; дәрі ащы болса—өлімнің жақын екендігін білдіреді. Дәрі ішіп дереу жазылғанын көрсе—жалаға ұшырап ұсталатынын білдіреді.





Пікір жазу