09.07.2022
186
ƏЛЖАППАР ƏБІШЕВ
Əлжекең деген сөзде əл-қуат бар,
Жылдарды оннан бүктен қарғып аттар.
Осылай жүйткір еді қырларды асып.
Даланы дөңгеленткен арғымақтар.
Немесе Қарқаралы тауларындай,
Сан дауыл, сан боранда аударылмай.
Орнында ойлы күйде қала берген,
Қалайша риза емессің жанға мұндай!
Немесе Қарағанды шахтасындай,
Қайламен қашап көмір шапқышындай.
Лаваның шойын-болат тіреуіндей,
Көтерген пластарды түк қысылмай.
Немесе байпаң басқан дара нардай,
Жүк артқан қайқаң етпей, қарап алмай.
Қысқасы – қазақы исі бұрқыраған,
Қақпаңнан шығып тұрған қара ағаңдай.
Əлжеке – жетпіс деген бұл – шын жасың,
Бақытың ұшамын деп бұлқынбасын.
Темірдей тегеурінмен қыс қолымды,
Саусағым сынбағанмен, сықырласын!