09.07.2022
  240


Автор: Ғафу Қайырбеков

АХМЕТ ЖҰБАНОВ

Барлық күйдің, барлық əннің жүйесі –
Жалғыз өзі, жаратушы иесі.
Сонау шыңда жарқылдаса оркестр –
Жақсы Ахаңның жасап берген дүниесі.
Ие болмай, кие болмай əн оңбас,
Өнер біздің өскен емес жалаң бас.
Əн-күй десең Ахаң тұрсын ойыңда,
Қайда жүрсең Ахаңменен хабарлас!
Əн мен күйдің қартайғанын кім көрген?
Берген сыйды қайта алғанын кім көрген?
Ахаң біздің табиғаттың сыйы ғой,
Алмайтын боп анда-санда бір берген.





Пікір жазу