09.07.2022
  62


Автор: Түс жору

Даңғыл: түсінде үлкен даңғылда жүргенін көрсе— материалдық және рухани қиыншылықтардан қиындықсыз өтетінін және өмір жолында сенімділікпен жүретінін білдіреді. Даңғылда емін-еркін жүргенін көрсе—ешқандай қиындық болмайтынын, ал әрең жүріп келе жатқанын көрсе—кейбір қиыншылықтар кездесетінін білдіреді. Екі шетінде ағашы бар даңғылдың бойында жүрсе—ғалым немесе беделді адамнан жәрдем алатынын білдіреді. Даңғылдың бойына ағаш отырғызғанын көрсе—адамдарға жәрдемін тигізетін перзенті болатынын білдіреді. Таза әрі реттелген даңғыл—мемлекеттегі істердің жақсы болатынына жорылады. Даңғылдан шығу—қиыншылықтан құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.





Пікір жазу