09.07.2022
  75


Автор: Ғафу Қайырбеков

Арты да айқын, алды айқын...

Арты да айқын, алды айқын,
Секілді боп алдайтын.
Мінезі бар бақыттың –
Қауыпты еске салмайтын.
Сондықтан да «шүкір» – деп,
Сəби атын қою жоқ.
Көйлек-көншек бүтін – деп,
Өзгесіне тойым жоқ.
Бола берген мың есе,
Байлық деген жарықтық.
Қасірет сол – жіберсе,
Қасиетіңді тəрік қып.





Пікір жазу