09.07.2022
  128


Автор: Ғафу Қайырбеков

Кездерде кей кісіге қарның ашқан...

Кездерде кей кісіге қарның ашқан,
Таңертең сұхбаттасып, сөз жарысқан.
Адамды кешке жақын сағынасың –
Жаңалық, бұл да қызық өзің ашқан.
Ескінің жаңа болып құбылуы –
Заңдылық келе жатқан бұлжымастан.





Пікір жазу