09.07.2022
  135


Автор: Ғафу Қайырбеков

Таң салқын, таңмен бірге сен де салқын...

Таң салқын, таңмен бірге сен де салқын,
Бурабай,
күндіз көркем,
сұлу сылқым.
Таң атпай асау толқын асылғанда –
Кеудесі қайрақ тастың бұлтың-бұлтың.
Күн шыға жарқырайды алтын аспан,
Түнімен аршып шығып сұрғылт бұлтын
Қарайсың жарқ-жұрқ еткен балтырларға,
Оянып ойда жоқта найсап кұлқын.





Пікір жазу