09.07.2022
147
Жарқ-жұрқ еткен найзағай...
Жарқ-жұрқ еткен найзағай,
Кеудесін сызып өткенде.
Оқжетпес шіркін жайнады-ай –
Жарасып жасыл көктемге!
Арманда өтер сан ақын,
Жана алмай еркін жабығып.
Ішіндегі өртті жағатын,
Осындай отты сағынып.