09.07.2022
  86


Автор: Ғафу Қайырбеков

Қасымда тұр екен, – деп...

Қасымда тұр екен, – деп,
Шықпа Көкше басына.
Саусағыңмен мəпелеп,
Қарызыңды кет төлеп.
Таң-тамаша тасына,
Тал, қарағай шашына.
Қасымда отыр екен, – деп,
Қарғып, ойнап, секеңдеп,
Өз атаңның басына,
Шықпайсың ғой, расында.





Пікір жазу