09.07.2022
  121


Автор: Ғафу Қайырбеков

Жатқаныңда жазып бой...

Жатқаныңда жазып бой,
Жан түкпірін жылтайын.
Терезеңді ашып қой,
Маңдайынан сипайын.
Жібек алақаныммен,
Жинап əкеп гүлімді,
Сыйлап ала таңым мен,
Қара мақпал түнімді.
Түсіңнен өң жасайын,
Жақсылыққа жорытып.
Қос-қос жұпар шашайын,
Хош иіске шомылтып», –
Дейсің Көкше. Көкшем-ай!
Əулиесің осыңмен.
Саған тартып өтсек-ай,
Барды жұртқа тосумен.





Пікір жазу