09.07.2022
  670


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Ару қыз


 


Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозбақов.



 


Қыз күніңді еске алып,


Күрсініп жатып қалдың ба.


Алды артыңды қарайлап, (2-рет)


Арманға құлаш ұрдың ба.


         Үмітті жүрек күтеді,


Арманға да жетеді.


Оттай маздап, махаббатың сезімі, (2-рет)


Жастық шақтың шертпе күйін шертеді.


Көркемдік деген көзді алар,


Содан кейін бойды алар.


Бойдан қуат кеткенсің,


Жүректе шоғы өшпесін.


         Махаббат жан азабы,


Сезімі оның болмаса.


Сезімге сезім ұласып,


Әуені оның болмаса. (2-рет)


Нәзіктік деген ғаламат,


Ұрпаққа болған аманат.


Көркемдігін әйелдің,


Суреттеген қыл қалам.


         Ынтық қылып адамды,


Ғашық еткен қыл қалам.


Сұлулығын ғаламның, (2-рет)


Символ еткен қыл қалам.


 


Нұр-Сұлтан қаласы, 8 шілде 2022 ж.


 





Комментарии

Жанат Узакбайкызы
КереметАйтбек Рымбекулы қаламыңыз ұштала берсін.
Жанат Узакбаевна
Керемет? Айтбек Рымбекулы қаламыңыз ұштала берсін?

Пікір жазу