09.07.2022
  215


Автор: Ғафу Қайырбеков

БАС СҮЙЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН ТОСТАҒАНДАҒЫ ЖАЗУ

Үрейленбе, ойға алма мен де адам деп,
Мен қу баспын əшейін қураған тек.
Тірі бастай арам ой сақтамаймын,
Не ұнатып, ешкімді көрмеймін жек.
Тіршілікте өзіңдей ішкем, жегем,
Ол жағдайым, ол күйім шықты есімнен.
Құй да шарап, іше бер, қорламайсың,
Адам ерні артық қой құрт тесуден.
Бұрқыраған шарапты бойда сақтап,
Жүзім жеміс шырынын құйса баптап,
Маған артық сыбаға сол болмай ма,
Тек жатпайын құрт мүжіп, шаян таптап.
Ақыл тұрған жерімде, шарап шалқып,
Мен өзгенің ақылын етем артық.
Кеуіп, қурап, суалған ми орнына
Шарап тұрса болғаны – жібер тартып.
Тірлігіңде ішіп қал, көз жұмғанда
Көмілесің сен дағы көр-зынданға.
Қу басыңды молаңнан қазып алып,
Шарап құйып ішер жұрт той-думанда.
Сөйтпеуіне кім кепіл? Қорлаған ба?
Зайғы өмірден ол артық болмаған ба?
Тостаған боп тойларда бас сүйегің
Бір қажетке жараса – ол жаман ба?





Пікір жазу