09.07.2022
  121


Автор: Ғафу Қайырбеков

АЛДЫМНАН АҒЫП ӨТІП БІР ҚҰДІРЕТ

1
Алдымнан ағып өтіп бір құдірет,
Ақ мейман, жүзін көріп тынды жүрек.
Кез еді жұрт ұйқыда, маңай тыныш,
Қан-сөлсіз тұрды алдымда бір сүгірет.
Қалшылдап кеттім сонда, сүйек қаусап,
Тіл қатты құдай маған іле сол шақ:
2
«Құдайдан əділмін деп жүрсің пендем,
Тілесем, періштені бір сілкем мен.
Кім ең сен, бір шіріксің күлден туған,
Боласың кімге қажет құр сүлдеңмен!
Əулием, əзірлей бер кебініңді,
Бұл түнде алам ақыл, өміріңді!
Ақылдың ең күштісі зорлағанда,
Білінер ақымақтығың сонда ғана!»





Пікір жазу