09.07.2022
  115


Автор: Ғафу Қайырбеков

«БƏРІ АЛДАМШЫ ДҮНИЕ» ДЕДІ ҰСТАЗ

I
Данышпандық, Даңқ та, жас дəуренде –
Бар мұраты дүниенің бəрі менде,
Шарап толы бақалым шоқтай жайнап,
Төңірегім құлпырар көрінгенде.
Сұлулардың көзінен тапты жаным
Көңілімнің тілегін, от құмарын,
Жер жаннаты, мадағы адамзаттың –
Маған үйіп патша деп төкті бəрін.
ІІ
Алайда мен ақтарсам күн шумағын,
Өтіп кеткен басымнан ісім мəлім,
Неліктен деп өзіме қойдым сұрақ
Мен осынша өмірге құлшынбағым.
Бақсам сырлы дүние – уақыт жатқан,
Күн көрмедім у ішпей бақыт тапқан.
Жалған даңқ зəріне елтіп алмай,
Өмірімнің кезі жоқ елді баққан.
ІІІ
Сиқырласа, арбаса көгалдағы,
Уы қайтып, жуасыр жылан дағы.
Бірақ жанға жыланның сепкен уын
Арбауменен қиын ғой шығармағы.
Қайтара алмас ол уын еш құдірет,
Ешбір ақыл, өнердің еш үні кеп.
Бір жазғырмай кеудеңді қысып, қымтап,
Қасіретпен қиналар өксіп жүрек.





Пікір жазу