09.07.2022
142
АЯҚТАДЫҢ СЕН ӨМІРДІҢ САПАРЫН
Уа, сабазым, бітті жерде сапарың,
Басталады енді даңқың, атағың –
Бір өзіңнің құдіретіңді жыр етіп,
Жерден шырқап, көкке жетіп жатар үн.
Алып берген азаттығын, елдігін,
Сендей ерді ұмытар ма ел бүгін!
Сол отаның еркін тұрған шағында,
Кеудесінде шіркін жүрек барында,
Сені ұмытпас, қағып алдық біз оны,
Қара жерге бұйырмады қаның да.
Өзің өлдің, қаның бірақ тұр тулап,
Бар жүректе, бар жүйке мен тамырда.
Ерлігіңді, өрлігіңді бер бізге,
Жар бол бізге, өзің мəңгі дамылда!
Атыңды атап, аруағыңды қозғасақ,
Жаутаң қағар, жалт бұрылар жау жасақ.
Ерлігіңді есіңе алар бас қосып,
Біздің елдің жас қыздары əнге сап.
Болмас бірақ көзімізде тамшы жас,
Кешпес сенің мықты рухың, ез болсақ!