КИІК
Туған жердің тау, жотасын бөктерлеп,
Орман-тоғай арасымен көкпеңбек,
Əр бұлақтан шөл құмарын қандырып,
Еркін киік салады ойнақ көкке өрлеп,
Жанарынан жалтылдаған оқ-ұшқын,
Ол зырласа, бөгет болар жоқ ешкім.
Артық еді-ау əйткенменен содан да
Əн шырқаған сонау тауда, со маңда.
Қайран Сион қыздарының сымбаты,
Ондай кездер бола бермес ғаламда.
Енді олар жоқ, емен ғана шулайды,
Ондай əн жоқ, жаңғырмайды, тумайды!
Туған дала топырағына тік өсіп,
Көрік болған, басы көкпен тіресіп,
Уа, пальма ағаш, тағдырыңа масаттан.
Тұрғаныңа, бізден артық күн кешіп.
Қанша зорлап апарғанмен шетке, сен,
Жат өлкеде бұлай көктеп өспес ең.
Дауыл қуып кетер алыс түзге бір,
Қурап қалған жапырақпыз біз де бір,
Ата-баба қабірінің қасынан
Бұйыртпайды топырақты бізге өмір.
Храм қирап, басты қайғы, қалың мұң,
Жаулар таптап кетті тағын Сəлімнің!